378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2017 жылы Қытайдың жалпы ішкі өнімі 80 триллион юаньнан асып түсті

  • 1102
  • UPD: 15:57, 23.01.2018

Қытай экономикасының өсімі сарапшылар күткен нәтижеден де асып түсті. 2017 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 6,9 пайызға жетті.

Ал мемлекеттің белгілеген межесі 6 жарым пайыз болатын.

Бұл жайында Қытай Халық Республикасы статистика басқармасының басшысы Нин Цзичжэ мәлімдеді. Әлемдегі екінші ірі экономиканың өсімі соңғы алты жылда болмаған көрсеткішке жетуіне не себеп?

Нұрбек Бекен, тілші:

– Қытайдың мемлекеттік статистика басқармасы елдің басты табысын жария етті. Жалпы ішкі өнім алғаш рет 80 триллион юаннан асып түскен. Осылайша, 13 трлн АҚШ долларына жуықтады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Сарапшылардың айтуынша, соңғы 6 жылда Қытай экономикасында мұндай көрсеткіш байқалмаған.

Гун Цзюн, халықаралық бизнес және экономика университетінің профессоры:

– Халықаралық нарық жанданып келеді. Солтүстік Америка нарығының өсімі 3 пайызға жақындап қалды. Бұл біз көптен күткен жағымды жаңалық. Қытай былтыр экспорт пен импортта да жақсы көрсеткіштерге жетті. Меніңше, жаһандық экономика аздап болсын оңалып келеді.

Дегенмен 2016 жыл Қытай экономикасы үшін оңай болған жоқ. Ішкі нарықтың тұрақсыздығы, қаржы саласындағы қиындықтар мен басқа да себептерге байланысты ел дамуының көрсеткіші соңғы 26 жылда болмаған жағдайға дейін төмендеді. Ал былтыр экономиканы басқарудың тиімділігі артып, салық жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. Сарапшылар Қытай экономикасының өсіміне «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асуы серпін бергенін айтады. Нәтижесінде елдің оңтүстігі мен солтүстік-батыс өлкелері арасындағы ішкі сауда жанданған. Азық-түлік, ет, ауызсу, электроника мен үй құрал жабдықтарын тұтынудың жоғарғы көрсеткішінен осыны байқауға болады.

Нұрбек Бекен, тілші:

– Сонымен қатар елдің инфрақұрылымы мен энергетикасына салынған инвестициялар оң нәтижесін бере бастады. 2018 жылы әлемдегі екінші ірі экономиканың өсімі 6,5 пайызды еңсереді деген болжам бар.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй 

Хабар 24 телеарнасы