388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алеппо қаласындағы базар жұмысын қайта жандандыра бастады

  • 459
  • UPD: 14:24, 27.01.2018
Алеппо қаласындағы базар жұмысын қайта жандандыра бастады pixabay.com

Сирияның Алеппо қаласындағы базарға сатушылар біртіндеп оралып жатыр.

Айта кеткен жөн, бұл сауда орны әлемдегі ең көне жабық базар саналады. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Аумағында он үшінші ғасырда салынған қамал пен мешіт орналасқан. Алайда 2012 жылы көтерілісшілер шаһардың шығыс бөлігі мен көне базарды басып алған. Атыс-шабыс кесірінен мұндағы нысандарға елеулі нұқсан келтірілді. Қала тек 2016 жылдың аяғында ғана азат етілген. Жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстары ұзаққа созылатынын бірден айтқан. Өйткені құрылыстардың көп бөлігіне айтарлықтай нұқсан келтірілген. Оның үстіне қаржы да тапшы.

Махмұд Мимех, тоқыма заттарын сататын дүкен иесі:

– Мен базардағы дүкенімді қайта аштым. Қазір 3-4 қатар ғана жұмыс істеп тұр. Әзірге жарық пен су жоқ. Келушілер де аз. Алайда соған қарамастан, қол қусырып отыра бермей, жұмысымызды жалғастыруға бел будық.

Хабар 24 телеарнасы