387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рио-де-Жанейродағы карнавал биылғы жылы әскерилердің бақылауымен өтуі мүмкін

  • 509
  • UPD: 14:36, 27.01.2018
Рио-де-Жанейродағы карнавал биылғы жылы әскерилердің бақылауымен өтуі мүмкін

Риодағы карнавал кезінде полициямен қатар мереке қауіпсіздігін сақтау үшін әскерилер де сапқа тұрады.

Оның пікірінше, муниципалды тәртіп сақшыларына берілер көмек қауіпсіздікке кепіл болуы тиіс. Алайда қала әкімінің бастамасын елдің Қорғаныс министрлігі қолдамай отыр. Шаһар шенеуніктері темірдей тәртіп орнатуға полицияның өзінің де қауқары жететініне сенімді.

Карнавал кезіндегі ахуал әскери және азаматтық полициялардың, муниципалды қауіпсіздік департаменті тобы мен түрлі шараларда жетекшілік ететін жекеменшік тәртіп сақтаушылар тобының бақылауында болады. Мұндай іс-шараға қала басшылығы қазірдің өзінде жоғары баға беріп отыр. Риодағы дәстүрлі карнавалға арнайы барамын деушілердің санында шек жоқ. Мерекелік ойын-сауық 9-14 ақпан аралығында өтеді. Жыл сайын мереке кезінде миллиондаған халық Рио-де-Жанейро көшелеріне лық толады. Сәйкесінше, дәл осы карнавалға келген шетелдік саяхатшылар қашанда көше ұрылары мен тонаушыларының шабуылына ұшырайды.

Густаво Сабино, Бразилия туризм министрлігінің қызметкері:

– Биыл бізге алғаш рет қаланың кіре берісі мен шығатын жолдарын және барлық аумақты бақылайтын электронды мониторинг қолжетімді болады. Бір уақытта қаланың бірнеше жерін көріп, жағдайды жіті бақылап отыратын бейнебақылау камералары орнатылады.

Мигель Олими, журналист:

– Тәртіп сақтау үшін полиция да жеткілікті, әскерилерді шақыру орынсыз. Егер жоғарғы жақ Риоға сарбаз жіберу туралы шешім шығарса, Қорғаныс министрлігі ауқымды карнавал өтетін басқа қалаларға да әскерилерді жіберулері тиіс.

Қала билігі Риодағы карнавал кезінде көлік қозғалысына қатысты уақытты да өзгертуді жоспарлап отыр. Бастама қала көшелерінде көлік қозғалысын жеңілдетеді, әрі қажет жағдайда жедел жәрдем машинасына кедергісіз жүруге ықпал етуі шарт. Ұйымдастырушылар елдің басты мейрамы кезінде Рио көшелерінде кем дегенде 6 миллион халық жиналады деп отыр. Бұл ретте Рио-де-Жанейрода бір күннің ішінде жүзден аса қылмыс жасалатынын да естен шығармаған жөн.

Авторлары: Анна Орлова, Рафаэль Франзони

Хабар 24 телеарнасы