388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны артты

  • 485
  • UPD: 21:08, 27.01.2018
Кабулда болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны артты

Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 95-ке жетті.

Тағы 160 адам зардап шеккен. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Кабулдағы дипломатиялық ауданда жойқын жарылыс болды. Шабуылды бір лаңкес жүзеге асырған. Ол жарылғыш зат жасырынған жедел жәрдем көлігімен осы ауданға кіреберіс жердегі полиция бекетінің жанына барып, жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысы мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы