386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта АҚШ әскерилерінің қателігінен 7 адам өлді

  • 439
Иракта АҚШ әскерилерінің қателігінен 7 адам өлді media.tvzvezda.ru

Иракта америкалық әскери тікұшақ қателесіп жергілікті қауіпсіздік күштерінің көлігін атқылап, 7 адам қаза тапты.

Тағы 11-і жараланған.  Оқиға Анбар провинциясындағы әл-Багдади ауданында болды. Төтенше жағдай алдында осы жерде әскерилер одақтас елдердің қолдауымен лаңкестерге қарсы арнайы операция жүргізген. Содан шараға қатысып, қайтып бара жатқан америкалық тікұшақ жерде көп адамның жиналып қалғанын көріп, оларды атқылап жіберген. Ал онда жергілікті әкімшілік және полиция басшысымен бірге сарбаздар болған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы