389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен Каирде кездесті

  • 1865
  • UPD: 13:11, 28.01.2018
Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен Каирде кездесті Фото: ntv.com

Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен Каирге әлемдегі ең ұзын бойлы адам түркиялық Сұлтан Көсен мен әлемдегі бойы ең қысқа әйел үндістандық Джиоти Амге келді.

Бұл туралы Ntv haber хабарлады.

Олар елдегі тарихи орындарды аралап көрді. 

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннесс рекордтар кітабынан орын алған Сұлтан Көсен Египет туризміне қолдау көрсету мақсатында Каирге аттанған. Бұл - оның бұл елге алғашқы сапары.

Бойы 2 метр 51 сантиметр болатын Көсеннің қасында бойы небәрі 62,8 сантиметр ғана болатын үндістандық бойжеткен Джиоти Амге Гиза пирамидалары алдында суретке түсті. Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде 4 күн болады. 

Хабар 24 телеарнасы