385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенада су деңгейі көтеріліп барады

  • 584
  • UPD: 11:59, 29.01.2018
Сенада су деңгейі көтеріліп барады

Парижде бір жарым мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Өйткені Сена өзеніндегі су деңгейі көтеріліп барады. Соңғы мәлімет бойынша, бұл көрсеткіш 6 метрге жуықтаған. Сондықтан қазір өзен үстімен қайықтардың қозғалуына тыйым салынған.

Сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысы та шектелді. Шаһардағы кейбір стансалар 31 қаңтарға дейін жабық болады. Париждің іргесінде мыңнан астам үй жарықсыз отыр.

Бұған дейін толассыз жауған нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, таяудағы біраз ауданды су басқан еді. Сондықтан жергілікті билік қауіптіліктің жоғары деңгейін жариялауға мәжбүр болды. Ал мамандар: «Сенадағы су деңгейі әлі де көтерілуі мүмкін», – деп ескертті.          

Мұхаммед, жергілікті тұрғын:

Қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқанымызға он шақты күн болды. Бұған дейін өзен арнасынан асып, көшелерді су басты. Көлкіген су анау жақта тұрған дүкенге дейін жеткен. Енді жағдай оңалатын шығар деп үміттеніп отырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы