384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі су тасқынынан қоғамдық тамақтану орындарына шығын келді

  • 404
  • UPD: 09:17, 30.01.2018

Париж көшелерін су басып жатыр. Соңғы күндері Сена өзеніндегі су қалыпты деңгейден алты метрге көтеріліп кеткен.

Ал метеорологтар алдағы күндері тағы да жауын-шашын күтіледі деп отыр. Бұған дейін елде жауған жауын кесірінен Париждегі метро қызметі тоқтатылды. Бірнеше автокөлік жолы жабылды. Шаһар басшылығы апат салдарын дер кезінде жоюға күш салып жатыр. Бірақ табиғаттың тосын мінезіне қарсы амал жоқ. Жағалауға жақын орналасқан бірнеше үйдің бірінші қабатын су басқан. Мейрамханалар мен дүкендер де жабылып, «шығынға шаш етектен баттық» деп дабыл қағып жатыр. Ал сақтандыру компаниялары үлкен сомада өтемақы төлеуге дайындалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы