387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия билігі көтерілісшілермен бейбіт келіссөзді тоқтатты

  • 369
  • UPD: 11:40, 30.01.2018

Колумбия билігі «Ұлттық азат ету әскері» ұйымымен бейбіт келіссөздерді уақытша тоқтатты. Оған соңғы уақытта күштік құрылым өкілдеріне жасалған қастандықтың жиілеуі себеп.

Демалыс күндері полиция бөлімшелеріне 3 бірдей шабуыл ұйымдастырылса, оның алдында сарбаз оққа ұшқан болатын. Жергілікті биліктің пайымдауынша, бұл «Ұлттық азат ету әскері»  ісі болуы мүмкін. Негізі тараптар былтыр ақпанда оқ атпауға келіскен. Бітімнің мерзімі қаңтарда аяқталған. Жоспар бойынша келіссөздер қайта жандандырылуы тиіс еді. Айта кеткен жөн, «Ұлттық азат ету әскері» 1964 жылдан бері жергілікті билікке қарсы шығып, қарулы шабуылдар ұйымдастырып келеді. Адам саны бойынша бұл Колумбияда екінші ірі көтерілісші ұйым саналады. 

Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Президенті:

- Алдағы күндері Ұлттық азат ету әскерімен келіссөздердің бесінші кезеңі өтуі тиіс еді. Алайда мен оны уақытша тоқтатуды ұйғардым. Өйткені біздің шыдамымыздың шегі бар. Енді бұл ұйымның әрекеті жергілікті жұрт пен халықаралық қауымдастық талаптарына сай келмейінше келіссөздер қайта жанданбайды.

Хабар 24 телеарнасы