389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қысқартылады

  • 373
  • UPD: 11:18, 30.01.2018
Аргентинада мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қысқартылады

Аргентина президенті Маурисио Макри елдегі мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қысқартатынын жариялады. Мұндай қадам арқылы ол қазына қаржысын үнемдеуді көздеп отыр.

Оған қоса биыл ақ жағалылардың айлық табысында ешқандай көтермелеу болмайтынын ашық айтты. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қатаң үнемдеу шарасының аясында атқарушы органдарда жұмыс істейтін мыңдаған мемлекеттік қызметкер еңбектен босайды. Сөйтіп қазынадан  бір жарым миллиард песо үнемделеді. Сондай-ақ енді министрлердің жақын туыстары үкіметке жұмысқа қабылданбайды. Президенттің айтуынша, Аргентина дағдарыстың ең қиын кезеңін артқа тастады. Сондықтан қатаң үнемдеу шараларын қабылдап, даму жолына түсуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы