388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде еуропалық фермерлер наразылық шарасын ұйымдастырды

  • 429
  • UPD: 13:42, 30.01.2018

Брюссельде еуропалық фермерлер наразылық шарасын өткізді.

Олар Оңтүстік Америка елдері тарапынан бәсекелестіктің күшеюі мен Еуропалық Одақтың бұл мемлекеттермен еркін сауда туралы келіссөзді қайта бастауына көңілдері толмай отыр. Өйткені Бразилия, Аргентина, Уругвай және Парагвай сиыр еті экспортына квотаны өсіруді қалайды. Наразылық акциясы,,, ұйымға мүше елдердің Ауыл шаруашылық министрлері кездесуі кезінде жүрді. Қазір Еуроодақта сиыр еті 2 пайызға артық өндіріледі. Егер Ұлыбритания Одақтан шыққан соң еуропалық азық-түлік өнімдеріне ипмпорттық салықты көтерсе, бұл көрсеткіш 16 пайызға артпақ. Ал мұндай жағдайда Еуроааймақтағы мал өсірумен айналысатын шаруалардың шығыны 5 миллиард еуроны құрайды.

Гвенель Мартин, бельгиялық фермер:

- Біз мұнда министрлер мен еурокомиссарларға шаруа қожалықтарындағы жағдайды түсіндіру үшін келдік. Фермерлердің халі мәз емес. Қазір ет пен сүт бағалары арзандап шаруалар оған қарсы тұра алмай отыр. Оның үстіне Еуроодақ пен Оңтүстік Америка елдері арасындағы еркін сауда жөніндегі келіссөздер жағдайды одан әрі ушықтырып жібергелі тұр.

Джо Хили, ирландиялық фермер:

- Қазірдің өзінде Оңтүстік Америкадан Еуропаға 246 мың тонна сиыр еті әкелінеді. Бірақ олар тағы 100 мың тонна алғысы келіп отыр. Біз бұған қарсымыз. Тіпті оның көлемін 70 тоннаға азайту туралы ұсыныс бар. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде Брексит пен климаттың өзгеруі және оңтүстікамерикалық елдердегі ет өндіру стандарттарының төмен болуына байланысты біздің жағдаймыз нашарлағалы тұр.

Хабар 24 телеарнасы