387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияның ЕО-дан шыққаннан кейінгі өтпелі кезең уақыты 2020 жылы аяқталады

  • 656
Ұлыбританияның ЕО-дан шыққаннан кейінгі өтпелі кезең уақыты 2020 жылы аяқталады

Ұлыбритания Еуропалық одақ құрамынан шыққаннан кейін өтпелі кезең мерзімі 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Бұл туралы Брюссельде Еуроодақ атынан басты келіссөз жүргізуші Мишель Барнье ұйымға мүше 27 елдің өкілдерінің кездесуінен кейін мәлімдеді. Осы уақытқа дейін Брюссель мен Лондон арасында қазіргі келісімшарттар мен заңдар қолданыла беретін болады. Бұл Brexit-тен бизнес пен қауіпсіздікті сақтау және қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғау үшін қажет.

Еске сала кетейік, Тұманды Альбион өтпелі кезең ұзақтығын 3 жылға созуды сұраған болатын.

Мишель Барнье, Еуропалық Одақтың Brexit бойынша басты келіссөз жүргізушісі:

- Өтпелі кезең 21 айға 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Осы уақыт аралығында Еуроодақтың барлық заңы Ұлыбританияға қолданылады. Бұл осы кезеңде қабылданатын жаңа тәртіптерге де қатысты. Сондай-ақ Ұлыбритания Еуроодақтың қазіргі халықаралық келісімшарттарына байланысты барлық міндетті орындайды. Бұл ортақ нарық пен Кедендік одақтың қалыпты жұмыс жасауы үшін маңызды.

Хабар 24 телеарнасы