389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде метро стансасының төбесі опырылып, 11 адам зардап шекті

  • 489
Тбилисиде метро стансасының төбесі опырылып, 11 адам зардап шекті

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дәрігерлер екі адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Барлық зардап шеккендер тез арада медициналық мекемелерге жеткізілді. Айта кету керек, станса бес ай бұрын жөндеуден өткен еді.

Каха Каладзе, Тбилиси мэрі:

- Ең бастысы, құрбан болғандар жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар. Метро стансасының төбесі опырылып құлаған. Қазіргі уақытта зардап шеккен 11 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін криминалист мамандарды күтіп отырмыз. Мен алдында айтқанымдай, енді құрылысқа және оның сапасына аса мән беріледі. Кінәлілер міндетті түрде жазаланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы