378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Instagram қолданушылары видеоқоңырау жасау мүмкіндігіне ие болуы мүмкін

  • 289
  • UPD: 15:32, 31.01.2018
Instagram қолданушылары видеоқоңырау жасау мүмкіндігіне ие болуы мүмкін Фото: belnovosti.by

Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады.

Бұл туралы Techradar.com жазады. 

Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр. Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде - Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.

Хабар 24 телеарнасы