383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда бас сауғалап жүрген венесуэлалықтардың саны 550 мыңнан асқан

  • 336
  • UPD: 08:21, 01.02.2018
Колумбияда бас сауғалап жүрген венесуэлалықтардың саны 550 мыңнан асқан

Венесуэла билігі Колумбиямен арадағы шекарада гуманитарлық дәліз ашуға ниетті.

Тиісті бастаманы елдің ұлттық ассамблеясы қолдап, дауыс берген. Осы ретте депуттар БҰҰ мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секілді халықаралық қауымдастықтан көмек сұрағалы отыр. Айта кеткен жөн, мұнай бағасының құлдырауына байланысты Венесуэла қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп жатыр. Мұнда инфляция өршіп тұр. Ұлттық валюта құнсызданды. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. Сондықтан амалы таусылған жұрт көрші Колумбияға бас сауғалап жатыр. Ресми мәлімет бойынша, мұнда жүрген венесуэлалықтардың саны 550 мыңнан асады. Колумбия билігінің хабарлауынша, кейбіреулері тіпті қала көшелері мен саябақтарда тұруға мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы