389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАӘ-де әлемдегі ең ұзын керме жол ашылды

  • 1023
  • UPD: 20:13, 02.02.2018
БАӘ-де әлемдегі ең ұзын керме жол ашылды

Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі ең ұзын керме жол ашылып, Гиннесс рекорды жаңартылды.

Ұзындығы 2 шақырым 830 метр болатын арқанды жол Рас-әл-Хайма әмірлігіндегі Джебель Джайси тауында орналасқан. Екі жолақтан тұратын керме жолмен күніне 200 адам жүріп, осы жердің табиғатын тамашалай алады екен. Таудан бір рет түсу 178 доллар тұрады. Ал жолға бар-жоғы 2-3 минут кетеді. Бірақ саяхатшының салмағы 150 келіден аспауы тиіс. Жергілікті билік арқанды жол елдің солтүстігіндегі әмірлікке саяхатшыларды тартып, онымен 1 жылда 100 мың адам жүреді деп отыр. Айта кетейік, бұған дейін Гиннесс рекорды Пуэрто-Рикодағы Тороверде тауында құрылған керме жолға тиесілі болатын. Оның ұзындығы 2 шақырым 225 метр.

БЛИЦ:

Өте қызық. Керме жолмен келе жатып, оның жылдамдығына немесе табиғаттың әсемдігіне көңіл аударатынымды білмедім. Ол үшін екі-үш рет жүру керек шығар.

Мына жердің табиғаты, таулары керемет. Керме жолмен тағы бір өтетін шығармын.

Хабар 24 телеарнасы