384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Spice Girls 2012 жылдан кейін алғаш рет қайта бас қосады

  • 381
  • UPD: 10:24, 03.02.2018
Spice Girls 2012 жылдан кейін алғаш рет қайта бас қосады Фото: ЕРА

Әйгілі британдық «герлз-бенд» – Spice Girls 2012 жылдан кейін қайта бас қосады.

Айта кетейік, атақты топ Лондон Олимпиадасының жабылу салтанатында қайта жиналып, өнер көрсеткен еді. Топтың экс-мүшесі Виктория Бекхэм ұжымның қайта жандауына қарсы болған, алайда жылдың басында модельер райынан қайтқан көрінеді, деп жазады Sun порталы.

Spice Girls тобының қайта жандануына қатысты келіссөздер 2017 жылдың қараша айында басталып, нәтижесі сәтсіз болған. Ол кезде Виктория Бекхэм топ сапына қайта қосылуға үзілді-кесілді қарсы болыпты. Ал жақында ажырасқан Мелани Браун мен сәбилі болған Джери Холлиуэлл болса сахнаны сағынғандарын айтады.

Қазіргі уақытта Виктория Бекхэм Spice Girls тобындағы жұмысын қайта бастауға дайын. Бекхэмнің таныстары Виктория мен Джери Холлиуэлл топтың толыққанды турына отбасылық жағдайларына байланысты қатыса алмауы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Spice Girls тобының құрамының әр мүшесі топқа оралғаны үшін 14 миллион доллардан алады. Ұжымның жоспарында Жапонияда концерт беру, телешоуларға қатысу және жарнамалық келісімшарттар сияқты атқарылар істер тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Spice Girls 1994 жылы құрылған болатын. Топ құрамына Мелани Браун, Виктория Адамс (Бекхэм), Эмма Бантон, Мелани Чисхолм және Джери Холлиуэлл енді. 2001 жылы әншілердің жеке өнер көрсете бастауына байланысты топ ыдырап кеткен еді. Содан бері аталған топ бірнеше рет қайта біріккен.

Хабар 24 телеарнасы