389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНИСЕФ: Әлемде 264 млн бала мектепте оқу мүмкіндігінен айырылған

  • 600
  • UPD: 09:47, 04.02.2018
ЮНИСЕФ: Әлемде 264 млн бала мектепте оқу мүмкіндігінен айырылған

Әлемде 264 миллионға жуық бала мектепте білім алу мүмкіндігінен айырылған.

Бұл туралы ЮНИСЕФ өкілдері хабарлайды. Осы ретте халықаралық ұйым мамандары қақтығыстар өршіп тұрған өңірдегі білім ордаларына жиілеп кеткен шабуылдарға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Бір ғана Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» содырлары соңғы бірнеше жылда 1 мың 400 мектепті қиратқан екен. Лаңкестер тағы 2 мың 300 мұғалімді жер жастандырған. ЮНИСЕФ мамандарын алаңдатып отырған тағы бір жәйт бар. Айтуларынша, гуманитарлық мақсатқа бөлінетін қаржының тек 3,6 пайызы ғана білім беру бағдарламаларына жаратылатын көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы