385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Афинада «Македония – бұл Грекия» деген ұранмен ереуілдер өтіп жатыр

  • 712
  • UPD: 17:36, 04.02.2018
Афинада «Македония – бұл Грекия» деген ұранмен ереуілдер өтіп жатыр Фото: rua.gr

Грекия астанасы Афина қаласын жаппай ереуілдер шарпыды.

Шерулер «Македония бұл Грекия» деген ұранмен өтіп жатыр. Осы жағдайға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде, 19 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Ал шеруге 100 мыңдаған адам қатысады деген болжам бар. Ереуілшілер бұрынғы югославиялық республикасы атауындағы «Македония» сөзіне қарсы шығып отыр. Бірақ ол мемлекетті Македония Республикасы атауы бойынша әлемнің 120-дан астам елі мойындаған. Ал БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға Бұрынғы Югославия Республикасы Македония деген уақытша атпен мүше. 

Айта кетейік, Македония атауы 27 жыл бойы мемлекеттің НАТО мен Еуроодаққа кіруіне кедергі келтіріп келеді. Оған тосқауыл болып отырған – Грекия. Өйткені ресми Афинаның ойынша, «Македония» атауы елдің аумақтық тұтастығы мен тарихи мұраларына қауіп төндіруі мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы