389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та пойыз апатынан зардап шеккендердің саны артты

  • 502
  • UPD: 23:25, 04.02.2018

АҚШ-тың Оңтүстік Королина штатында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысып, 2 адам қаза тапты.

Тағы 70-ке жуығы жараланды. Жапа шеккендердің барлығы жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдай қызметінің мамандары мәлімдеді. 

Соңғы деректерге қарағанда, жолаушылар пойызы Нью-Йорктен Майамиге бағыт алған. Оның ішінде 139 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Апат кезінде бірнеше вагон теміржолдан тайып, жағаға құлаған. Бұл жерге 19 тоннаға жуық сұйық отын төгілген. Билік өкілдері бұл қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірмейді деп отыр. Оқиға орнына құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы