388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутаға әуеден соққы жасалып, 24 адам қаза тапты

  • 516
  • UPD: 11:38, 06.02.2018
Шығыс Гутаға әуеден соққы жасалып, 24 адам қаза тапты Фото: IBTimes UK

Сирия астанасы Дамаск маңындағы Шығыс Гутаға әуеден соққы жасалып, 24 адам қаза тапты.

Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар бар. 70-тен астам тұрғын жараланған. Бұл туралы «Сирияның азаматтық қорғаныс» ұйымы мәлімдеді. Деректерге қарағанда, снарядтардың бірі Маарет әл-Нууман қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ауруханаға түскен. Әйтеуір науқастардың барлығы дін-аман. Қауіпсіз аймаққа шығып үлгерген. Соққыны Сирия үкіметінің әскери әуе күштері жасаған. Өйткені Шығыс Гута оппозиция өкілдерінің бақылауында. Бүгінде бұл аймақта 400 мыңға жуық тұрғын бар. Сондықтан Шығыс Гутаға әуе соққыларының жиілеуі халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Оның үстіне мұнда жараланғандарға медициналық көмек көрсетуге дәрі-дәрмек тапшы.

Хабар 24 телеарнасы