386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО мен Балқан түбегі елдерінің интеграциялық стратегиясы белгілі болды

  • 1380
  • UPD: 14:22, 07.02.2018

Еуропалық комиссия Батыс Балқан елдері мен Еуроодақтың интеграция стратегиясын ұсынды. Сербия мен Черногория Еуропалық Одаққа 2025 жылы қосыла алады.

Олардан соң Албания мен Македония сынды үміткер елдер Одаққа мүше болмақ. Ал Босния мен Герцеговина елдері үміткер мәртебесінің расталғанын күтіп отыр. Еуропалық Одаққа кіру үшін аталған барлық елдер өздерінің ішкі стандарттарын палық стандарттарға сәйкес өзгертуі керек.

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі:

- Батыс Балқанның ЕуроОдақ елдерімен тарихы, мәдениеті ортақ. Мәселелері мен қызығушылықтары да бір. Бұл жаңа ғана қабылданған Стратегияның маңызды саяси бөлімі. Еуроодаққа мүшелікке кіретін Батыс Балқандағы барлық алты серіктес-елдің айқын бағыты да осы. Бұл реформа үшін қажет. Енді бұл мемлекеттер Одақтың елдері сынды азаматтық құқықты қолданып, дәл сондай қауіпсіздік пен стандарттарымен қамтамасыз етіледі. 

Йоханнес Хан, көршілік саясат және кеңейту жөніндегі еурокомиссар:

- Ең бастысы тұрақтылықты экспорттап жатырмыз ба әлде тұрақсыздықты импорттап жатырмыз ба? Міне осының ара-жігін айыра білуіміз керек. Себебі 18 миллион тұрғын мен оның ішкі мәселелері, сондай-ақ ауқымды экономикалық әлеуеті бар аймақ жөнінде айтып отырмыз. Ең бастысы, кемел келешекке деген сенім болса бұл мақсаттардың барлығына жетуге болады.

Хабар 24 телеарнасы