386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та уақытша бюджет қабылданды

  • 509
  • UPD: 14:23, 07.02.2018

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы 23 наурызға дейінгі уақытша бюджетті қабылдады.

Құжаттың мақсаты - федералды үкіметтің кезекті жабылуын болдырмау. Ресми дерек бойынша заң жобасын қолдап, 245 депутат дауыс берсе, 182-сі қарсы болған. Алдағы уақытта Сенатта оған түзетулер енгізілмек, яғни 2018 жылғы әскери қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат көлемі азайтылмақ. Өйткені демократтар әлеуметтік бағдарламалардан гөрі Пентагонға қаржының көбірек бөлінуін құп көріп отырған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айынан бастап, АҚШ-та уақытша бюджет іске қосылған еді. Ал уақытша заң жобасын қабылдаудың кешіктірілуіне байланысты биыл федералды мекемелер үш күн іркіліспен жұмыс істеді. Оның себебі республикашылдар мен демократтар арасында шығындарға қатысты келіспеушіліктер. Сондай-ақ тараптар босқындар мен қорғанысқа кететін қаржыға да байланысты ортақ шешімге келген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы