389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздестіруге екі кеме аттанбақ

  • 320
  • UPD: 17:51, 07.02.2018
«Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздестіруге екі кеме аттанбақ

«Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздестіруге екі кеме аттанады.

Бұл туралы Аргентина президенті Маурисио Макри жоғалып кеткендердің туысқандарымен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, іздестіру операциясында Виктор Ангелеску мен Аустраль кемелері қолданылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, елдің әскери-теңіз күшінің «Сан-Хуан» атты сүңгуір қайығы өткен жылдың 15 қарашасында байланысқа шығуын тоқтатты. Оның бортында 44 экипаж мүшесі болған. 15 күн өткеннен кейін билік адамдарды құтқару операциясын аяқтаған. Бірақ қайық әлі де іздестіріліп жатыр.

Итати Легуизамос, жоғалып кеткен теңізшінің жұбайы: 

– Іздестіру жұмыстарының нәтижесін білу үшін келсек, бізге нақты жауап емес, тағы да құрғақ уәде беріп жатыр. Билік операцияны жүргізу үшін қалайда қаражат бөлуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы