384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракаста бірқатар аудан жарықсыз қалды

  • 322
  • UPD: 18:17, 07.02.2018
Каракаста бірқатар аудан жарықсыз қалды

Венесуэла астанасының бірқатар ауданы жарықсыз қалды.

Салдарынан 10 теміржол стансасы мен телефон желісінің жұмысы тоқтап қалды. Елдің электр энергетика министрі Луис Мотта Домингес бұл әрекетті әлдекімдер қасақана жасаған деп отыр. Оның айтуынша, Санта-Тереса электр стансасына айтарлықтай зақым келген. Әзірге апаттың неден болғаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кеткен жөн, бұл елде соңғы жылдары электр қуатының жетіспеушілігі көптеп кездеседі.

Каракас тұрғыны:

– Жарық кенеттен өшіп қалды. Жұмыстан шыққаныма біраз болды, сағат 4-тен бері осында жүрмін. Билік бұл мәселені тез арада шешуі тиіс.

Каракас тұрғыны: 

Әкем жақын жерде жұмыс істейді. Көп кешіктірмей жарықты қосады деп үміттенемін. Әйтпесе әкемнің жұмыс орнында түнеуіме тура келеді.

Хабар 24 телеарнасы