384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондон соты Джулиан Ассанждың өтінішін қанағаттандырмады

  • 348
  • UPD: 22:03, 07.02.2018
Лондон соты Джулиан Ассанждың өтінішін қанағаттандырмады

«Викиликс» сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанждың Ұлыбритания сотына жасаған өтініші қаралмады.

Өйткені журналистің өзі сотқа келмеген. Енді ол Лондондағы Эквадор елшілігі аумағынан шыға алмайды. Егер шықса, қамауға алынады. Дегенмен Ассанждың қорғаушылары алған беттерінен қайтар емес. Эквадор билігі де оны өз елшілігінде ұстап, қорғауға алудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде 2012 жылдан бері бас сауғалап келеді. Егер сыртқа шықса, Швецияға экстрадициялану қаупі бар. Өйткені бұл елде тілшіге адам зорлады деген айып тағылған. Оған қоса АҚШ-та Ассанж өлім жазасына кесілген.

Ленин Морено, Эквадор президенті: 

Ассанж мырзаның жағдайы өте күрделі. Бірақ біз әу бастан оны қамқорлығымызға алдық. Өміріне қауіп төніп тұр деп ойлаймыз. Лондон сотының шешімі бізге әсер етуі заңдылық. Алайда халықаралық заң талаптарына сай оны қорғай бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы