384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда су тасқынынан 7 адам көз жұмды

  • 487
  • UPD: 13:41, 08.02.2018
Боливияда су тасқынынан 7 адам көз жұмды

Боливияда бірнеше күннен бергі толассыз нөсер мен су тасқынынан 7 адам қаза тапты.

Тағы бірнеше тұрғын жоғалып, табылмай жатыр. Елдің 9 аймағының жетеуінде 50 мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Парагвай мен Аргентина шекарасына жақын жатқан аудандар. Тасқын мен жауыннан өңірлердегі егістік алқаптары су астында қалды. Осыған байланысты президент Эво Моралес елде төтенше жағдай жариялады. Қазір кей өңірлерде тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп, жапа шеккендерге уақытша орталықтар ашылған.  

Хабар 24 телеарнасы