386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында карнавал өтіп жатыр

  • 447
  • UPD: 17:37, 11.02.2018

Салтанатты шеру және әсем отшашулармен басталған шара әлі де бір аптаға созылады.

Осы күндері шаһардағы түрлі самба мектептері өздерінің өнерлерін көрсетіп, сайысқа түседі. Олар 700 метрге созылған алаңмен жүріп өтіп, түрлі көріністер қояды. Қазылар жеңімпаздарды мектептің таңдаған тақырыбы, қойған биі және көрермендердің қолдауы сияқты талаптар бойынша анықтайды. Келесі сенбі күні карнавал басты шеру жеңімпаз 6 мектептің қатысуымен аяқталады. Бұл күндері той-думан бүкіл шаһар жұртына ортақ.

Айта кетейік, әйгілі карнавалды тамашалауға жыл сайын шет елдерден миллиондаған саяхатшы келеді екен.

Хабар 24 телеарнасы