385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия үшін маңызды келіссөз тоқтауы мүмкін

  • 406
  • UPD: 20:37, 11.02.2018
Колумбия үшін маңызды келіссөз тоқтауы мүмкін

Колумбияда үкімет пен бүлікші «Ұлттық азат ету» әскері арасындағы бейбіт келіссөздер мүлде тоқтап қалуы мүмкін.

Себебі қарулы топтың қаскөй мүшелері елдің солтүстігінде екі жарылыс жасады. Адам шығыны туралы әзірге ақпарат жоқ. Осыған байланысты президент Хуан Мануэль Сантос көтерілісшілермен келіссөзді жалғастыру қиынға соғатынын айтып отыр. Бұған дейін келіссөздер қаңтар айының соңында бүлікшілердің полиция бекетін шабуылдауы кесірінен тоқтатылған болатын.

Айта кетейік, бүгінде «Ұлттық азат ету» армиясы Колумбиядағы ең соңғы әрі белсенді бүлікші топ. Ол 1964 жылы Куба төңкерісі кезінде құрылған. Бүгінде құрамында 2 мыңдай адам бар. Көбіне елдің шығыс өңірлерінде әрекет етеді. Колумбия құқық қорғаушылары бұл ұйымды елдегі мыңдаған қылмысқа жауапты деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы