367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Итальяндар дизель көліктерге тыйым салуды талап етті

  • 277
  • UPD: 15:50, 13.02.2018

Италиядағы ірі қалалардың тұрғындары дизель көліктеріне тыйым салуды талап етіп отыр. Жұдырықтай жұмылған олар Милан, Рим, Болонья мен  Брешия қалаларында ауа ластануының деңгейін өлшейтін жүздеген датчик орнатқан. Өйткені көліктен шығатын газ құрамындағы ең улы зат азот диоксиды адам денсаулығына аса қауіпті.

Римдегі мына мектептің терезесінен көз тастасаңыз көлікке толы көшені көресіз. Баласы жергілікті білім ордасының бірінде оқитын Изабель Вербектің жанайқайына тоқталсақ. Ол өзге балалардың ата-анасымен бірігіп, мектеп босағасына зиянды қалдықтардың мөлшерін өлшейтін аспапты іліп қойды. Шағын болғанына қарамастан, құрал ғылыми дәлдікпен ауадағы азот диоксидының мөлшерін  нақты есептейді.  

Изабель Вербек, тұрғын:

- Үш баланың анасымын. Нақты немен тыныс алып жүргенімізді білгім келеді. Көше мен мектеп сыныптарында ауа қаншалықты лас екенін білу маңызды? Ұлым қазірдің өзінде бронхоспазмға шалдыққан. Бұл ауруға себеп  көліктерден шығатын газ екені белгілі. 

Жобаға Римның жүздеген тұрғыны қатысып отыр. Олар тұратын үйлері, жұмыс істейтін кеңселері мен балалары оқитын мектептер маңында 170 өлшеуіш аспабын орнатқан. 

Наурыз айында осы құралдардың әрқайсысын зертханаға жібереді. Бүкіл қалада ауаның ластануын өлшейтін не бары 13 тұрақты станса бар. Сол себептен ресми мәліметтерге сенбей, тұрғындар Римдегі ауа тазалығына арналған шынайы карта құрғысы келеді. Жоба жетекшісі Паоло Де Луканың айтуынша, зерттеу нәтижелерін қала мен Лацио аймағының басшылығына тапсырып, дизель көліктеріне тиым салу талап етілмек. 

Паоло Де Лука, велосипедшілер қауымдастығының өкілі:

- Ауаның ластануы өте қауіпті екенін түсініп, осы науқанды бастадық. Жас, кәрісіне қарамай, бәріне кері әсерін тигізеді, әсіресе ана құрсауындағы нәрестелердің дамуына зиянды. Тек тыныс алу органдарына ғана емес, жүрек пен миға да әсер етеді. Соңғы зерттеулер азот диоксидінен ми уланып, зейін қою қабілеті жоғалатынын көрсетті.  

Ауаға азот диоксиді негізінен көліктер шығаратын газдармен таралады. Ал дизель көлігі оны 4 есе көп шығарады екен. «Дизель дауынан» кейін Франция мен Германияда осы көліктердің сатылымдары қысқарса, Италия тұрғындарының көбісі бұрынғыдай көліктің осы арзан түрін таңдап жүр. Ауадағы азот диоксидінің жоғары мөлшеріне байланысты өлім саны бойынша Италия әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Жыл сайын осы себеппен 20 мыңнан аса адам мерзімінен ерте қайтыс болады екен.

Авторлары: Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Осы категория бойынша: « ОАР президенті қызметінен босатылды Британиядан жарты тонналық бомба табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы