369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады

  • 416
  • UPD: 15:29, 14.02.2018
АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Америкалық жолаушылар ұшағы Тынық мұхиты үстінде апатқа ұшырай жаздады.

Оқиға Сан-Франциско қаласынан Гавайиге ұшып шыққан Boeing-777 ұшағына қатысты. Мұхит үстінде ұшақтың оң жақ қанатындағы қозғалтқыштың қаптамасы бөлініп, қирай бастаған. Әуе көлігінің қатты дірілдегенін сезген экипаж жедел жерге хабар берген. Абырой болғанда, төтенше жағдайға қарамастан ұшақ Гонолулу әуежайына дін аман қонды. Ұшақтағы 370 жолаушының бірде-бірі жапа шеккен жоқ. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы