385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхенчханда норовирус жұқтырғандар саны артты

  • 418
  • UPD: 14:45, 16.02.2018
Пхенчханда норовирус жұқтырғандар саны артты

Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пхенчхан қаласында норовирус жұқтырғандар саны 244 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, вирустың тез жайылып кетуіне байланысты қысқы олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзететін 1 мың  200-ден астам қызметкер жұмыстан шеттетілген еді. Қазір олардың барлығы да карантинде. Олардың орнына 900 сарбаз жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, вирустың  таралуына лас су себеп болуы мүмкін. Норовирус ішек грипінің бір түрі. Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, қазір құбыр сулары мен азық-түлік тексерістен өткізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы