389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда үйлену тойы қайғылы оқиғаға ұласты

  • 485
  • UPD: 08:11, 19.02.2018
Үндістанда үйлену тойы қайғылы оқиғаға ұласты

Үндістанда үйлену тойы кезінде газ баллоны жарылып, 18 адам қаза тапты. Жарақат алған 20 шақты тұрғынның кейбірі ауыр халде ауруханада жатыр.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы Беавар қаласында болған. Той өтіп жатқан қонақ үйге жақын жерде газ баллоны атылып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлаған.

Құзырлы орган өкілінің мәлімдеуінше, үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Раджастан штатының билігі қаза тапқандар мен жапа шеккендердің отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы