389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексиканың Оахака штатында төтенше жағдай жарияланды

  • 513
  • UPD: 12:00, 19.02.2018
Мексиканың Оахака штатында төтенше жағдай жарияланды

Мексиканың азаматтық қорғаныс қызметі зілзаладан зардап шеккен Оахака штатының 33 муниципалитетінде төтенше жағдай жариялады. Бұл режимді енгізуді жергілікті билік сұраған.

Айта кетейік, 7,2 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Оахаканың Пинотепа-Насьональ ауданында тіркелген еді. Соңғы дерек бойынша апат салдарынан 1 миллион 300 мың үй жарықсыз қалып, жүздеген ғимараттың астаң-кестеңі шыққан. Елдің сейсмологиялық қызметі мамандарының айтуынша, жұмадан бері 1 жарым мың жер дүмпуі болған. Қазір оқиға орнында 5 мыңға жуық сарбаз жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ ұшақтар мен тікұшақтар да жұмылдырылған.

Мариа Организ, жергілікті тұрғын:

- Жер сілкінісінен келген шығын орасан: үйім қирап қалды. Кішкентай балаларымның жағдайы қатты алаңдатады. Жөндеу жұмыстарын неден бастайтынымды білмей тұрмын, өйткені дүмпулер қайталануы мүмкін.

Ксоли Перез, сейсмолог:

- Зілзала қайталанады. Бірақ қашан екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ осы аймақта магнитудасы 8 балға дейін жететін дүмпулер болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы