387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиада 2018: Полиция қызметкерлері хоккей ойыны кезінде 8 жасар баланы өлімнен құтқарды

  • 810
  • UPD: 10:44, 20.02.2018
Олимпиада 2018: Полиция қызметкерлері хоккей ойыны кезінде 8 жасар баланы өлімнен құтқарды

Канадалық полиция қызметкері Фрэнк Мартино және оның оңтүстік кореялық әріптесі Йон Ги Мин Пхенчхандағы өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында Канада мен Чехия арасындағы хоккей ойыны кезінде сегіз жастағы баланың өмірін сақтап қалды.

Бала аренаға кірер жолда күріштен жасалған тәттіге түйіліп қалып, есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері балаға бірден алғашқы медициналық көмек жасаған.

Телеарнаның мәліметі бойынша, екі полиция қызметкерлері де Оңтүстік Кореяның Канвондо полиция басқармасынан арнайы сый алған.

Ал Канада мен Чехия арасындағы кездесу буллит сериясында 3:2 есебімен чехтардың пайдасына аяқталды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы