385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда 9 күнге жалғасқан карнавал аяқталды

  • 615
  • UPD: 15:35, 20.02.2018

Жыл сайын өтетін фестивальге миллиондаған адам арнайы келген.

Айта кету керек, аталмыш ойын-сауық жоғары деңгейде өтті. Керемет безендірілген сахнада таңғажайып би фестивалі ұйымдастырылды.

Бразилиялық карнавалдың ашылу салтанаты ерекше өтті. Рио-де-Жанейроның басшысы қала қақпасының символикалық кілтін осы мерекенің иесі Момо патшаға табыстады. Осылайша фестиваль ресми түрде бастау алған болатын. Сол сәттен бастап 9 күн бойы алып қала ырғақ пен дәстүрлі халық мерекесіне бөленді. 

Жек Мазайо, карнавал көрермені:

- Халық «осы мерекеге наразы жалғыз адам – қала әкімі Марсело Кривело» деп әзілдейді. Ол бұрынғы шіркеу пасторы болғандықтан, «карнавал азғындыққа бастайды» деп жиі айтады. Бірақ қазір ол емес, біздің басшымыз – карнавал патшасы. Сәйкесінше көңіл-күйіміз керемет.

Мейрам басталардан бұрын шараға қатысушылар биге дайындалып, костюмге қауырсын мен жапсырмалы моншақ, бахрома тігіп, үлкен карнавал қуыршақтарын әзірлейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған самбо мектебінің үздік бишілері Самбодром қаласының басты көшесінде шеберліктерін паш етті. Биылғы жылы Beija Flor самба мектебі көш басынан көрінді. 

Андреа Мишурос, карнавал көрермені:

- Карнавал өте батыл әрі өзекті мәселені де қамтыйды. Мәселен, шараға қатысушылардың бірі Бразилия президентін қансорғыш ретінде бейнеледі. Енді біреулер қаранәсілді әйелдердің, енді кейбірі Пернамбуку штатынан пана тапқан еврейлердің мәселесін көтерді. Қоғамның өзі карнавал сәніне жан-жақты ықпал етеді.

Сонымен қатар Рио-де-Жанейро полициясы карнавалда арам ойларын жүзеге асырмақ болған ұрыларды ұстады. Клоунның киімін киген қаскүнемдер,бірнеше адамды тонап үлгерген. Ал қаржылық мәселе – карнавалдың ең жағымсыз жағы. Мәселен, былтыр қаражат тапшылығынан 80 мыңға жуық жұмысшы қысқарып қалса, самбо мектебін қаржыландыру да айтарлықтай азайған. Бірақ бұл көрсеткіш карнавалды ұйымдастыру үшін кедергі болмасы анық. 

Авторлары: Анна Орлова, Дмитрий Лукша, Рафаэль Франзони

Хабар 24 телеарнасы