386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде дифтерия дерті өршіді

  • 348
  • UPD: 11:41, 22.02.2018
Йеменде дифтерия дерті өршіді

Йеменде дифтерия күшейіп барады. Осыдан 6 ай бұрын шыққан дерттен опат болғандардың саны 62-ге жетті.

Ал жұқпалы індетке шалдыққандардың саны 950-ге жақындаған. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми өкілдің айтуынша, күл дертінен негізінен Ибб және Ходейда провинциясының тұрғындары зардап шегіп отыр. Қазір жұқпалы тамақ ауруымен күреске халықарлық ұйымдар мен көрші мемлекеттер де атсалысып келеді. Оның басқа аймақтарға таралмауы үшін екпе жұмыстары жүргізіліп, дерттің алдын алу үшін үгіт шаралары қолға алынған.

Айта кетейік, бұл жұқпалы індет елде өткен жылы тамыз айының ортасында пайда болған. Оған мемлекетте бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан қарулы қақтығыс себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы