387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда фараондар кезіндегі ежелгі ғибадатхана табылды

  • 1199
  • UPD: 15:21, 22.02.2018
Мысырда фараондар кезіндегі ежелгі ғибадатхана табылды Tahrim News

Мысырдың солтүстігіндегі Кафр эш-Шейх провинциясында археологтар фараондар дәуірі кезіндегі ғибадатхананы тапты.

Бұл туралы жергілікті жердегі археологиялық бөлім басқармасы хабарлады.

Телль эль-Фараин ауданынан табылған ғибадатханада фараондар мен құдайлардың мүсіндері болған.

Tahrim News ақпаратына сәйкес қабырғалар мен едендердің қалдықтары сақталған.

Египет билігі Телль эль-Фараинді Мысырдың туристік аймақтар тізіміне қосып, саяхатшылардың қызығушылығын арттырмақ ниетте.

Бұдан бұрын Мысырдағы археологтар шамамен 3 мың жыл бұрынғы мумияны тапқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы