387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде 7 тонна есірткі шикізаты табылды

  • 647
Перуде 7 тонна есірткі шикізаты табылды

Перуде полиция кокаин жасайтын 7 тоннаға жуық шикізатты тәркіледі. Арнайы операция Анапати кемежайы мен Апуримак өз

енінің маңындағы жазықта жүзеге асырылды. Шара кезінде қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсеткен. Бірақ қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ. Еске сала кетейік, бірер күн бұрын осы елдің есірткімен күрес қызметі Пуэрто-Инка мен Охапампа аймағында қылмыстық топтардың 15 құпия ұшу алаңын жойды. Бұл жолдар осы жерде дайындалған есірткіні Аргентина, Бразилия және Парагвай еліне жіберу үшін қолданылған. Ал жалпы ресми дерекке сүйенсек, Перуде жыл сайын 400 мыңға жуық есірткі дайындалып, шет елдерге жөнетіледі екен.

Хабар 24 телеарнасы