384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла 1 млрд доллардан астам пайдаға кенелді

  • 455
  • UPD: 12:39, 25.02.2018
Венесуэла 1 млрд доллардан астам пайдаға кенелді

Венесуэла үкіметі «петро» деп аталған ұлттық криптовалюта саудасының алғашқы күндерінде 1 миллиард доллардан астам пайда тапты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған валюта осы аптаның басында айналымға шыққан. Қазір бұл елдің экономикалық жағдайы көңіл көншітпейді. Сондықтан Венесуэла президенті Николас Мадуро «петроның көмегімен АҚШ санкцияларын еңсеріп, дағдарыстан шығуға болады»деген ойда. Дегенмен көптеген экономистер Мадуроның бұл бастамасына сын көзбен қарайды. Олардың айтуынша, петрода өзге криптовалюталарға тән орталықтандырылған бақылау жоқ.

Хабар 24 телеарнасы