383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде жұрт өлім жазасын енгізу ұсынысына қарсылық танытты

  • 445
  • UPD: 23:09, 25.02.2018
Филиппинде жұрт өлім жазасын енгізу ұсынысына қарсылық танытты

Филиппин астанасы Манилада мыңдаған адам ереуілге шықты.

Олар ел президенті Родриго Дутерте ұстанған саясатқа қарсы.

Дәлірек айтсақ, есірткі саудасымен айналысқандарды өлім жазасына кесу туралы заң енгізу ұсынысына наразы. Қазір құжат ел Конгресінің қарауында жатыр.

Родриго Дутерте президенттікке 2016 жылы сайланды. Сол сәттен бастап, дереу елдегі есірткі саудалаушыларға қарсы заңды қатаңдатып, олардың көзін жоюға кірісті. Осы уақыт аралығында сот төрелігіне тартылмастан 3 мыңға жуық адам қаза тапқан. Полиция оларды өздерін қорғау мақсатында өлтіргенін айтады.

Бродерик Пабилло, жергілікті тұрғын:

- Сот үкімі шықпай-ақ қаншама адамды дарға асқандарын естіп жүрміз. Оның үстіне өлім жазасы туралы заң жобасын Конгрестің қарауына жіберді. Сол арқылы барлық қауіпті жоямыз деу қателік деп ойламын.

Хабар 24 телеарнасы