384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баку-Тбилиси-Карс темір жолы туризм үшін зор мүмкіндіктер ашады

  • 807
  • UPD: 11:49, 27.02.2018

Жақын арада Түркияға, тіпті Еуропаға теміржолмен қатынауға мүмкіндік туады. Былтыр қазан айында ашылған жаңа бағдар Баку-Тбилиси-Карс жолаушыларды Түркияның Карс қаласына дейін жеткізетін болады. Қазіргі кезде техникалық мәселелер шешіліп жатыр.

Баку-Тбилиси-Карс теміржолы алғашқы кезеңде жылына бір миллионға дейін жолаушыны тасымалдай алады. Осы жобаны жүзеге асыру үшін техникалық шарттарды орындау қажет.

Джавид Гурбанов, «Әзербайжан теміржолдары» компаниясының төрағасы

- Ең алдымен техникалық шарттарды орындауымыз тиіс. Әзербайжан аумағында шойынжолдың арасы – 1520, ал Түркия аумағында – 1435 километр. Бір жолдан екіншіге өту үшін дөңгелектерін ауыстыру қажет. Осы талаптарға сай келетін вагондарға тапсырыс бердік. Жылдың аяғына дейін Карсқа дейін жолаушылар тасымалын бастауды көздеп отырмыз.

Мамандардың айтуынша, Баку-Тбилиси-Карс бағдарымен жолаушыларды тасымалдау, туристердің санын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.

Вугар Шихмамедов, Әзербайжан мәдениет пен туризм министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Туризмдегі ең маңызды факторлардың бірі – көлік тасымалы. Баку-Тбилиси-Карс бағдарының Ұлы Жібек жолымен өтуі туризм үшін зор мүмкіндіктер ашатыны анық. Арнайы туристік пойыздар жіберіп, саяхатшыларға арналған бөлек жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл Қазақстан мен Азияның өзге елдерінің туристері үшін Түркияға және одан әрі өзге де елдерге баруға бірегей мүмкіндік.

Осындай саяхаттар екі-үш күнмен шектеліп қана қоймайды. Туристер Жібек жолы бойындағы әрбір елдің көрікті жерлерімен таныстып, барынша тиісті ақпаратқа қанығатын болады.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы