378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венецияда жаяу жүргіншілер қозғалысы қадағалауға алынбақ

  • 467
  • UPD: 15:20, 26.02.2018
Венецияда жаяу жүргіншілер қозғалысы қадағалауға алынбақ

Енді жаңа технологиялардың көмегімен қаладағы туристердің ағыны бақылауда болады.

Жыл сайынғы венециялық карнавалды көру үшін елге миллиондаған адам келеді. Олардың барлығы Сан-Марко орталық алаңына жиналып, кептеліс түзеді. Бұл мәселені қала билігі арнайы лазерлі құрылғы арқылы шешпек. Бүгінде оның төртеуі орналастырып, жүйелі жұмыс істеп тұр. Оның көмегімен адамның саны мен олардың бағытын анықтауға болады. Бұл ақпараттар жедел орталыққа жіберіліп,  полиция қызметкерлеріне жаяу жүргіншілердің бағытын қадағалауға мүмкіндік береді. Бір жарым жылдың ішінде лазерлі жүйе қаланың барлық аумағына орналастырылады деп жоспарланып отыр.

Марко Агостини, Венециядағы полиция корпусының қолбасшысы:

- Біз әлемдегі жаяу жүргіншілер қозғалысымен айналысатын жалғыз елміз. Оларды қадағалау көлік қозғалысын бақылаудан да қиын. Жүргізушілер арнайы ережемен жүріп үйреніп қалған. Ал жаяу жүргіншілер еркін жүруге болады деп санайды. Сол себепті де адамның көптігінен қалада кептелістер түзіледі. Күнделікті өмірде бұл қалыпты жағдай. Ал карнавал кезінде бұл өте ауқымды мәселеге айналады.

Хабар 24 телеарнасы