384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен адамдар қаза тапты

  • 513
  • UPD: 07:48, 27.02.2018
Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен адамдар қаза тапты blogspot.com

Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 10 адамға жетті.

Зілзаланың тербеліс магнитудасы 7 жарым балды құраған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабар таратты. Бұған дейін 3 адамның ажал құшқаны жарияланған еді.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің дерегі бойынша, жер асты дүмпулері Поргер қаласынан 89 шақырым жерде, ал кіндігі 35 шақырым тереңдікте тіркелген. Денсаулық сақтау қызметкерлері қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Қазір апатты аймақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы