389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаттары Елбасы Жолдауымен танысты

  • 454
  • UPD: 13:15, 27.02.2018

Неміс Бундестагының депутаттары Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысты. Манфред Грунд қазақ елі көшбасшының реформаларын көрегендік деп атап өтті.

Оның пікірінше, алға қойылған 10 тапсырма Қазақстанның сандық дәуірде дамуына айқын жол ашады. 

Манфред Грунд, Бундестаг депутаты: 

- Мен Жолдаудағы басты тапсырма дигитализация деп санаймын. Президент бұл құжатта мұнайдың дәуірі аяқталуға жақын екендігін, экономиканы дамыту керектігін атап өтті. Ең маңыздысы дигитализация тек мектеп пен университеттерді ғана емес, елдің барлық экономикасын қамтиды. Онда ауылшаруашылығы, өндіріс және мемлекеттік басқармалар да бар. Германияның үлкен тәжірибесі бар. Сол себепті барлық бағытта тиімді серіктестік орнатамыз деп ойлаймын. Сондай-ақ Жолдауда 100 нақты қадамның алпысы орындалғаны айтылды. Қазақстан өте дұрыс жолда. Президенттің Жолдауы 30 дамыған елдің қатарына тездетіп қосылуы үшін түрлі мүмкіндіктер ашып келеді.

Хабар 24 телеарнасы