386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкіліне қарсы шеру өтті

  • 426
  • UPD: 17:13, 28.02.2018
Гондураста БҰҰ-дағы АҚШ-тың тұрақты өкіліне қарсы шеру өтті

Гондурас тұрғындары жаппай наразылық шарасына шықты. АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің ел астанасы Тегусигальпа қаласына келуі ереуілге ұласып кеткен.

Құқық қорғау өкілдері шеруге қатысушыларды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданған. Әзірге жарақат алғандар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кету керек, белсенділер ресми Вашингтонның өткен жылы ел президенті Хуан Орландоға көрсеткен қолдауына наразы. Ол кезде халықаралық сарапшылар сайлау қорытындысын сынға алып, оны заңсыз деп атаса да Құрама штаттары Эрнандестың жеңісін бірінші болып мойындаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжам бойынша саяси додада оппозиция өкілі Сальвадор Насралла көш бастап келе жатқан болатын. Бірақ дауыс санаудағы 36 сағаттық іркілістен кейін жеңіс қазіргі президентке бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы