384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буркина-Фасода лаңкестіктен 30 адам мерт болды

  • 361
  • UPD: 13:46, 03.03.2018

Буркина-Фасо астанасындағы лаңкестік әрекеттерден 30 адам қаза тауып, 85-і жарақат алған.

Бұл туралы британдық Телеграф басылымы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, кеше қаскөйлер ел әскерінің бас штабы мен Уага-дугу орталығындағы Франция елшілігіне шабуыл жасаған. Көп ұзамай әскерилер 6 лаңкесті жер жастандырды. Куәгерлердің айтуынша, содырлар оқ жаудырардың алдында қалада жарылыстар болған. Қазір ел астанасындағы ахуал қалыпқа келді. Дегенмен қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ал жергілікті билік тұрғындарды тыныштыққа шақырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы