388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда 2612 содырдың көзі жойылды

  • 426
Сирияда 2612 содырдың көзі жойылды

Түрік қарулы күштері Сирияның Африн қаласындағы «Зәйтүн бұтағы» операциясы кезінде 2 мың 612 содырдың көзін жойды.

Дені – күрдтердің Демократиялық одақ партиясы мен «Ирак және Левант» лаңкестік тобының мүшелері. Бұл туралы Түркияның бас штабы хабарлады. Ал бұған дейін 2 мың 434 содырдың жойылғаны жарияланған еді. Операция басталғалы 41 түрік сарбазы қақтығыс кезінде қаза тапқан. Естеріңізге сала кетейік, Түркияның қарулы күштері 20 қаңтарда Африн қаласында шоғырланған күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн бұтағы» деген атаумен әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын. Ал ресми Дамаск болса, Африн қаласы Сирияның ажырамас бөлігі екенін алға тартып, Түркияның бұл әрекетін қатаң сынға алған.

Хабар 24 телеарнасы