389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутаға гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 394
Шығыс Гутаға гуманитарлық көмек жеткізілді

БҰҰ мен Қызыл крест ұйымы Сирияның Шығыс Гута аймағына 250 тоннадай гуманитарлық көмек жеткізді.

46 жүк көлігінен тұратын керуен өңірдегі халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек апарды. Бұл заттар 28 мыңдай тұрғынға есептелген. Керуенді жеткізу аймақты бақылауында ұстап отырған қарулы топтармен келіссөз нәтижесінде мүмкін болды. Бірақ олар жүк көліктерін 1 сағаттан астам уақыт жібермей, әуреге салған. Бұдан бөлек Сирия үкіметінің өкілдері де бастапқы жүкті тексеріп, оның едәуір бөлігін азайтып тастаған. Ал соңғы мәліметке қарағанда, осы уақытқа дейін бейбіт тұрғындарды қақтығыс аймағынан шығармай келген қарулы топтар енді оларды азық-түлікке айырбастап, босатуға келіскен. Президент Башар Асад болса әскерилерге өңірдегі шабуылды жалғастыра беруді бұйырды. Ал қазір оппозициялық күштер бақылауындағы бұл аймақта 400 мыңға жуық бейбіт тұрғын бар.

Хабар 24 телеарнасы