384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18-ге жетті

  • 1698
  • UPD: 14:09, 07.03.2018
Папуа-Жаңа Гвинеяда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18-ге жетті Meteoprog

Папуа-Жаңа Гвинеяда қуаты 6,7 балдық жер сілкінісі болып, 18 адам қаза тапты.

Зілзала ошағы Жаңа Гвинея аралындағы Менди қаласынан батысқа қарай 117 шақырым жерде тіркелді. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, ақпан айының 26-сы күні Папуа-Жаңа Гвинеяда бұдан да күшті 7,5 балдық жір сілікініс болып, 80 адам қаза тапқан еді. Алғашқы зілзаладан кейін тағы көптеген шағын дүмпулер тіркеліп, аймаққа едәуір залалын тигізді. Кей өңірлер электр қуатының желісінің бүлінуінен әлі күнге дейін жарықсыз отыр.

Хабар 24 телеарнасы